Қарағанды облысында Қазақстан Президентінің атынан ауызашар өткізілді

Қарағанды облысында Қазақстан Президентінің атынан ауызашар өткізілді

Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ауызашар өткізілді. "Әнет баба" мешітіне қауыммен бірге облыстың құрметті тұрғындары, ардагерлер, көп балалы аналар, этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері шақырылды.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев

пен облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлы барлық қатысушыларды мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

– Рамазан – руханият пен мейірімділік айы. Баршаңызға амандық пен зор денсаулық тілеймін, – деді өңір басшысы.