Қарағандыда өтіп жатқан конференцияда стоматологиялық қызмет көрсетудің өзекті мәселелері талқылануда

Қарағандыда өтіп жатқан конференцияда стоматологиялық қызмет көрсетудің өзекті мәселелері талқылануда

Қарағандыда "Стоматологиядағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары" атты ғылыми-практикалық конференция өтуде. Қатысушылар стоматологиялық қызмет көрсету саласындағы маңызды мәселелерді талқылауда, тәжірибелерімен бөліседі.

Іс-шараны ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің, "ҚМУ" КЕАҚ, "АМУ" КЕАҚ, "С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ" КЕАҚ және т. б. қатысуымен "Қазақстан стоматологиялық қауымдастығы" ҚБ Қарағанды облыстық филиалы ұйымдастырды.

– Стоматология денсаулық сақтаудағы ең сұранысқа ие және жаппай бағыттардың бірі болып табылады. Соңғы 5 жылда өңірде азаматтардың стоматологиялық көмек сапасына өтініштерінің өсуі байқалады, бұл ішінара 2020 жылдан бастап шағын және микро кәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер жүргізгені үшін мораторий енгізумен байланысты. Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 2019 жылмен салыстырғанда стоматологиялық қызметтерге шағымдар саны 5 есеге артқан. Бұл үрдіс, өкінішке орай, биыл да жалғасуда, – деді Қарағанды облысының медициналық бақылау жетекшісі Ольга Смирнова.

Оның айтуынша, мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша ең жиі анықталған бұзушылықтар қажетті рұқсат құжаттарының болмауы және медициналық көмек көрсету стандарттарының талаптарын бұзу болып қала береді. Бұл әкімшілік шараларға әкеп соғады. Атап айтқанда, егер бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, медициналық лицензиядан айыру.

2023 жылдың ақпанында стоматологиялық қызмет көрсетудің жаңа стандарты құрылды. Енді онда медицина қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары нақты көрсетілген. Электрондық медициналық құжаттаманы жүргізу де міндетті болды. Профилактикалық стоматологиялық қызметтерді көрсетуге және медициналық бұйымдармен жабдықтауға қойылатын талаптар кезең-кезеңімен сипатталды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының ТМККК/МӘМС шеңберінде стоматологиялық қызметтерді қаржыландыру тәртібіне өзгерістер енгізілді. Стоматологиялық клиникалар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен тікелей келісімшарттар жасайды.

Қазақстан стоматологиялық қауымдастығы Қарағанды мен облыстың стоматологиялық қызметін дамытуға белсенді қатысады. Қарағанды өңірінде оның филиалы 2001 жылы ашылды.