
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы "Қобыланды батыр" эпосынан үзіндіні мәнерлеп оқу бойынша қалалық байқау өткізеді. Оған 13 пен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады.
Шығармашылық жарыс екі кезеңде қазақ тілінде өтеді.
Бірінші турда кітапханада қатысушылар 1 қазанда "Қобыланды батыр" эпосы бойынша тест тапсырады. 30 сұраққа жауап бергендер және кемінде 27 балл жинағандар екінші кезеңге өтеді.
Бесінші қазанда байқауға қатысушыларға "Қобыланды батырдан" екі жүз жолды үзіндіні жатқа оқу ұсынылады.
Қазылар алқасы шығарманың мәнерлеп оқылуын және қатысушылардың әртістігін бағалайды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Өтінімдер 25 қыркүйекке дейін Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 30 мекенжайында орналасқан Абай атындағы балалар кітапханасында немесе электрондық пошта арқылы қабылданады odb_abai@mail.ru "байқау-батырлар жыры" белгісімен.
Анықтама телефондары: 41-23-25, 41-23-26 және 8-777-321-73-10.