Қарағанды тұрғындары қазақ және ағылшын тілдерін тегін үйренуде

Қарағанды тұрғындары қазақ және ағылшын тілдерін тегін үйренуде

Қарағанды тұрғындарының қазақ және ағылшын тілдерін тегін үйренуге мүмкіндігі бар.

Осы жылдың ақпан-қараша айлары аралығында Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша барлық тілек білдірушілер үшін қысқа мерзімді және үш айлық курстар өтуде.

Бірінші ағымға ниет білдірген қарағандылықтардың көп болғаны соншалық, 22 топ құруға тура келді. Тіл үйренуге ұмтылатындардың арасында әр түрлі мамандық иелері бар – қаржыгерлер, дәрігерлер, шекарашылар, мәдениет қызметкерлері және басқалар. Үш айлық курс мамыр айында аяқталады.

Әрі қарай емтихан өтеді және сертификат тапсырылады.

Қазақ тілінің айлық курстары қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қарағандылықтарға, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдеріне қолайлы. Жақында жеке нотариустар оқудан өтті. Олар емтихан тапсырып, сертификат алды. Қазір "Қазпоштаның" 20 қызметкері дәріс алуда, "Громада" СҮ-нің 23 қызметкерінен құралған топ қалыптастырылды.

– Тілді енгі ғана оқи бастағандар бірінші кезеңнен өтіп, келесі кезеңге жалғастырушылар ретінде қазірден бастап жазыла алады. Мен осылай істеуге кеңес берер едім, өйткені бұл тілді үйренуде тиімдірек болады. Ең бастысы - қалау және ештеңеден қорықпау. Біз 19 жастан бастап тыңдаушыларды қабылдаймыз. Әр түрлі жастағы адамдар келеді. Мемлекеттік тілді үйренуге қуана келетін аға буын қарағандылықтар өте көп, – дейді тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Сәуле Нелдібаева.

Курстарға жазылу және толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болды: (8-7212) 51-01-88.