Қарағанды бейнелеу өнері мұражайындағы көрмеде педагог-суретшілер өз жұмыстары арқылы ғарыш туралы әңгімелейді

Қарағанды бейнелеу өнері мұражайындағы көрмеде педагог-суретшілер өз жұмыстары арқылы ғарыш туралы әңгімелейді

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында "Біз – галактика балаларымыз" тақырыбында жыл сайынғы "МастерART" көрме-байқауы ашылды.

Қатысушылар – облыстың қосымша білім беру ұйымдарының көркемдік-эстетикалық бағытындағы 60 педагог. Ғарышқа, ғарыш кеңістігін игеруге және ғаламның авторлық түсінігіне арналған 75 жұмыс бар.

– Көрме-байқау 11-ші рет өткізілуде. Жыл сайын тақырыптар әртүрлі, оларды қорытынды педагогикалық кеңесте біздің мектептің ұжымы ойлап табады. Биылғы жылы көрменің қорытындысы бойынша қатысушылар педагогтерді аттестаттауға жарамды диплом немесе сертификат алу мүмкіндігіне ие болады. Ересектерге арналған Ғарышқа қатысты тақырыптар күрделі болып шықты. Техника мен жанрларда ешқандай шектеулер болған жоқ, – деді Қарағанды қаласының № 1 балалар көркемсурет мектебі директорының м. а. Гүлмира Қалышева.

Көрмеге кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер туындылаоры қойылды. 

Орындау техникасы да әртүрлі.

– Мен "жібек тоқу" техникасында төрт жұмыс қойдым. Менің жұмысымның негізгі тақырыбы – ежелгі адамдардың жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы түсінігі, – дейді Қарағанды қаласының № 2 Балалар өнер мектебінің оқытушысы Светлана Цыбуля.

Байқау нәтижелері 15 сәуірде дәстүрлі семинар-шеберлік сабақта жарияланады. 

Көрменің өзі 16 сәуірге дейін жалғасады.

Сондай-ақ, 3–14 сәуір аралығында бейнелеу өнері мұражайында "Аспан әлемі" мұражай сабақтары өтеді.

– Сабақта біз балаларға ғарышкерлер күні, белгілі ғарышкерлер мен ғарышты ашушылар туралы айтып береміз. Сондай-ақ, біз суретшілер мен олардың осы тақырыптағы жұмыстары туралы көрсетеміз және айтамыз. Біз экспозицияны дайындадық, онда қарағандылық және кеңестік суретшілердің жұмыстары – мысалы, Виктор Буштың "Ғарыштағы Гагарин" картинасы, Нұрлан Дәуренбековтың Тоқтар Әубәкіровтің портреті және басқалар. Сондай-ақ, әдеттегідей, викторина өткіземіз, – дейді мұражайдың ғылыми қызметкері Қайрат Блялов.

Мұражай сабақтарына 47-91-85, 47-54-75 нөмірлері бойынша жазылуға болады.