Қарағандылықтарды "Алтын Батыр" степ-тобының өнер кешіне шақырады

Қарағандылықтарды "Алтын Батыр" степ-тобының өнер кешіне шақырады

Қарағандыда ирландиялық степті кәсіби орындайтын Қазақстандағы алғашқы және жалғыз ұжым өнер көрсетеді. 22 сәуірде Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында топ ирланд биі, фламенко және қазақ әуендерінің қоспасы – "Елордалық шамдар ырғағында" шоу-бағдарламасын ұсынады.


"Алтын Батыр" тобы 1999 жылы құрылған. Осы уақыт аралығында көп нәрсе өзгерді, бірақ бір нәрсе тұрақты болып қалады – бишілер мен ұжым оқытушыларының дамуға және жаңа туындылар дайындауға деген ұмтылысы. Степ-топ қатысушылары бірнеше рет түрлі конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Өткен жылы елордалық ұжымның кіші құрамы "Ғажайып Қарлығаштар" республикалық байқауында бірінші орынға ие болып, О'z elim балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының Халықаралық фестиваль-байқауында Гран-при алды.

– Бүгін біз Астана мен Қарағандыда би жаттығуларын өткізіп жатырмыз. Бізде 8 жастан 36 жасқа дейінгі 80 адам айналысады. Олардың басым бөлігі ArtSport мемлекеттік жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша сабақтарға тегін қатысады, – дейді Астанадағы степ-мектебінің жетекшісі және педагогы Әзиза Ыдырысова. – "Елордалық шамдар ырғағында" шоу-бағдарламасында біздің барлық үздік нөмірлеріміз болады. Пандемияға байланысты біз концерттер беруді тоқтаттық. Енді біз бұл дәстүрімізді қайта бастаймыз. Гастролімізді туған Қарағандыдан бастадық. Ұлыбританияда концерт беру жоспарда бар. Бұл елдің елшілігі бізді қолдап отыр.

Концерттің басталуы 19:00.

Билеттер ticketon.kz сайтынан және КМС кассасынан алуға болады.