Қарағанды облысында басқарма басшылары ауыл тұрғындарымен кездеседі

Қарағанды облысында басқарма басшылары ауыл тұрғындарымен кездеседі

Қарағанды облысында басқарма басшылары ауыл тұрғындарымен олардың мәселелері мен проблемаларын тиімді шешу үшін кездеседі. Мұндай тапсырманы өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев берді.

Кездесулер мамыр айында басталады. Бұл жергілікті жерлерде салалық проблемаларды білуге және тұрғындармен оларды шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік береді. Кездесулердің уақыты мен орны туралы ақпаратты басқармалардың сайттарынан және олардың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан білуге болады.

Облыс әкімі басқарма басшыларын әлеуметтік желілерде белсенді болуға – тікелей эфирлер өткізуге шақырды. Тәжірибе көрсеткендей, бұл халықпен өзара әрекеттесудің тиімді құралы.