Air Astana әуекомпаниясы дарынды балалар арасында тегін билеттер ойнатады

Air Astana әуекомпаниясы дарынды балалар арасында тегін билеттер ойнатады

Air Astana 7–17 жас аралығындағы дарынды қазақстандықтар арасында Zhas Kyran байқауын бастады. Жыл бойы авиакомпания дарынды балалардың халықаралық шығармашылық, спорттық, зияткерлік жарыстар мен конкурстарға қатысуы үшін ай сайын бес жол жүру грантын бөлетін болады.

Жол жүру гранты – бұл бір балаға және онымен еріп жүрушіге арналған эконом-кластағы тегін рейс. Грантты өңірлік конкурстардың, жарыстардың, олимпиадалардың жүлдегерлері пайдалана алады.

Міндетті шарттар: Қазақстан азаматы болу және оның аумағында тұру, конкурсқа (олимпиадаға, жарысқа және т. б.) ресми шақыру болуы.

Өтінімдер мен қажетті құжаттар пакетін жоспарланған сапардан кемінде екі ай бұрын мына мекенжайға жіберу қажет: zhaskyran@airastana.com.

Грантқа лайықты үміткерлерді тәуелсіз қазылар алқасы іріктейтін болады.

Ресми сайттағы Zhas Kyran конкурсы туралы өтінім нысаны мен қосымшасы: airastana.com.