Қарағанды кітапханасы облыстық жас ақындар форум-конкурсын өткізеді

Қарағанды кітапханасы облыстық жас ақындар форум-конкурсын өткізеді

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 12–13 қазан аралығында "Алаш" көшбасшысы Әлихан Бөкейханның мұрасына арналған "АлашTime" форум-байқауын өткізеді. Оған 18 жастан 28 жасқа дейінгі шығармашыл жастар қатыса алады.

Байқау екі кезеңде өтеді. Бірінші турда қатысушы екі өлең ұсынады. Жұмыстардың бірі Әлихан Бөкейханның тұлғасын ашуға арналуы тиіс. Еркін тақырыптағы екінші өлең.

Екінші кезеңде тек іріктелген конкурсанттар қатысады, мұнда қазылар алқасының алдында өз шығармаларын жатқа оқу талап етіледі.

Өтінімдер мен конкурстық жұмыстар 1 қыркүйекке дейін kraeved_2014@mail.ru электрондық поштасына қабылданады.

4 қыркүйектен 1 қазанға дейін қазылар алқасы үздік жұмыстарды іріктейді, 12 қазанда поэзия байқауының екінші туры өтеді. Ал 13 қазанда жеңімпаздарды марапаттау болады.

Кітапханада хабарланғандай, форум-байқау барысында жастар "Алаштану" ғалымдарымен сөйлесіп, оларға сұрақтар қоюға мүмкіндік алады.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Байқау ережелерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.karlib.kz/images/material/pdf/2023_AlashTime.pdf.

Толық ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 56-76-55, 56-74-64, 8-701-776-38-19, 8-700-776-38-19, 8-778-496-93-40.

Конкурс Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен өткізіледі.