
Қарағандыда 8, 15 және 29 сәуірде қалалық ауыл шаруашылығы шағын жәрмеңкелері өтеді. Сауданың басталуы сағат 09:00-де.
Жәрмеңкелерде ауыл шаруашылығы, ет, сүт өнімдері және жергілікті өндірушілердің тауарлары орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатылатын болады.

Өтетін орындары:
- Оңтүстік-Шығыс – Global City СЛК (134-ші есептік тоқсан, 921-құрылым);
- Майқұдық – "Умай" СҮ (Карл Маркс көшесі, 9);
- Пришахтинск – "Молодежный" МҮ (Металлистов көшесі, 24/2 құрылыс).