
Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Кеншілер мәдениет сарайы дәстүрлі әндер орындаушылары арасында "Әудем жер" байқауын өткізеді. Ол ақын, әнші және композитор Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлының 180 жылдығына арналған.
Оған екі жас санатында – 10–15 және 16–35 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады (республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары конкурсқа қатыса алмайды).
Байқау екі номинация бойынша өтеді. Үміткерлер Ақан сері Қорамсаұлының бір әнін орындап, оны іріктеу кезеңіне бейнежазба түрінде жіберуі тиіс. Іріктеуден өткендер екінші турға шақырылады. Облыстың әр өңірінен бір кандидат қатысады. Бейне және сауалнама келесі поштаға жіберілуі керек: dkg.to@mail.ru.
Іріктеуден өткен үміткерлер Ақан сері Қорамсаұлының бір шығармасын және еркін тақырыптағы әнді орындауы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 17 сәуірге дейін dkg.to@mail.ru электрондық мекенжайына қабылданады. Онда қатысушының және оның жетекшісінің Т. А. Ә., байланыс телефондары, шығармалардың атаулары мен хронометражы, авторлар көрсетілуі тиіс, сондай-ақ конкурсқа қатысушының жеке куәлігінің көшірмесі қоса берілуі тиіс.
Қазылар алқасы мәтіннің дұрыс айтылуын, сахналық киімдерді, ұлттық аспапта ойнау шеберлігін, дауыс ауқымын бағалайды. Байқау 24 сәуірде өтеді. Жеңімпаздар дипломдар және ақшалай сыйлық алады.
Толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 41-18-01, 41-27-26, 8-702-164-81-87, 8-707-121-83-99 және 8-708-294-15-36.