Қарағандыда жастарға арналған кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Қарағандыда жастарға арналған кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Жұмыссыз жастарды 7 сәуірде бос орындар жәрмеңкесіне шақырады. Іс-шараны қалалық жұмыспен қамту орталығы өткізеді.

Жәрмеңкеге 35 жасқа дейінгі қарағандылықтар, оның ішінде жоғары және орта оқу орындарының түлектері, мүмкіндігі шектеулі адамдар қатыса алады.

Жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 15:00-ден 17: 00-ге дейін.

Өтетін орны: Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (Университетская көшесі, 28).

Байланыс телефондары: (8-7212) 996-397, 996-493, +7-775-644-35-80 (WhatsApp қосымшасы).

@czn_karaganda