Марапатталған аналарға жәрдемақы тағайындау Қазақстанда толығымен автоматтандырылды

Марапатталған аналарға жәрдемақы тағайындау Қазақстанда толығымен автоматтандырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" төс белгілерімен марапатталған аналарға жәрдемақы тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету кезінде адами факторды толығымен алып тастады.

Бұған дейін жәрдемақы тағайындау кезінде проактивті форматта "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ және ЕХӘҚМ аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатысатын және бұл жеті жұмыс күнін алатын.

Енді осы қызметті проактивті форматта алған кезде жәрдемақы тағайындау ақпараттық жүйемен жүзеге асырылады. Осының арқасында қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін қысқарды.

Егер әйел "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған жағдайда, тиісті мәліметтер ЕХАҚМ ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі. Бұдан әрі жүйе 1414 нөмірінен марапатталғандарға жәрдемақы тағайындауға келісім алу үшін проактивті форматта SMS жібереді. SMS-ке оң жауап болған жағдайда, жүйе жәрдемақы тағайындау туралы шешімді адамның қатысуынсыз автоматты түрде қабылдайды.

Бұл тәсілді ЕХӘҚМ басқа да мемлекеттік қызметтер бойынша енгізетін болады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша