
Қарқаралы ауданының ветеринарлық қызметі жеті жаңа Chevrolet cobalt автокөлігін алды. Олар ветпункттер арасында бөлінді.

Жеті автокөліктің алтауы Абай, Қаршығалы, Қоянды, Егіндібұлақ, Ынталы және Шарықты ауылдық округтерінің ветеринариялық пункттеріне берілді. Тағы бір көлік аудандық ветеринариялық станцияға рәсімделді.

– Ауылдық ветеринариялық пункттерді автомобильдермен қамтамасыз ету – біздің ауданымыздың көпжылдық проблемасы, қазір ол шешіле бастады. Бұрын біздің мамандардың қызметінде ескі "Нивалар" болған, олар жиі бұзылып, қолайсыздықтар туғызатын, – дейді Қарқаралы ауданының ветеринариялық станциясының басшысы Аян Мержақыпов.
Айымгүл Қойайдарова – Қаршығалы ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің меңгерушісі. Оның қарамағында екі фельдшер және бір санитар жұмыс істейді. Олар Көктас ауылына, Жаңа жол бөлімшесіне, Саумалкөл станциясына және бес қыстаққа қызмет көрсетеді.
– Біздің аумақта 3500-ге жуық ірі қара мал және 5300-ге жуық ұсақ мал бар. Ақпан айынан бастап бізде қарқынды жұмыс басталды. Бұл төлдеу және жануарларды жоспарлы вакцинациялау кезеңі. Көліксіз біз ешқайда бара алмаймыз. Ескі "Нива" жиі сына беретін, – дейді Айымгүл Қойайдарова. – Қосалқы бөлшектерді ұзақ күтуге тура келді. Енді жұмыс тездетіледі деп үміттенеміз.