Қарағандылық теннисшісі Алан Құрманғалиев қоржынына 23-ші халықаралық медальді салды

Қарағандылық теннисшісі Алан Құрманғалиев қоржынына 23-ші халықаралық медальді салды

Қарағандылық Алан Құрманғалиев Владыславово қаласында (Польша) өткен WTA Youth Contender үстел теннисінен турнирдің жүлдегері атанды. Спортшының қоржыны қола медальмен толықты.

Алан 17 жасқа дейінгі жас санатында үшінші болды. Оның активінде Гонконг, Перу, Финляндия, Қытай, Өзбекстан, Жапония қарсыластарынан алты жеңіс және Тайбэйден Чан Ю-Аннан бір жеңіліс бар.

Польшада Алан өзінің 23-ші халықаралық медалін жеңіп алды: 10 алтын, 6 күміс және 7 қола.

Спортшыны Эльмира Әлиева жаттықтырады.

Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша