"Террикон алқабы" инкубатор бағдарламасына өтінімдер қабылдау ашылды

"Террикон алқабы" инкубатор бағдарламасына өтінімдер қабылдау ашылды

"Террикон алқабы" ІТ-хабы инкубатор бағдарламасының кезекті ағынына қабылдау туралы жариялады. 10 апта бойы – 14 сәуірден 23 маусымға дейін – стартаперлер мен бастаушы кәсіпкерлерге сатылымдарын бастағанға дейін білуі тиіс барлық қажетті машықтарды үйретеді.

Ұйымдастырушылар 80 сағаттық қарқынды воркшоптар мен 120 сағаттық сарапшылармен кеңес жүргізуді жоспарлап отыр.

Білім беру бағдарламасы:

- бизнесті/стартапты бастау үшін толық оқу циклынан өту;

- өз идеяңыздың сұранысқа ие болуын талдау;

- кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша қолдау және кеңес алу;

- өз жобаңызды іске қосу үшін грант ұтып алу.

Финалистер 1 200 000 теңге көлемінде жүлде қоры үшін бақ сынасады.

Қатысушылар terricon.kz ресми сайтында тіркелуі тиіс.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.

"Террикон алқабы" ІТ-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.