Қарағандыда көктемгі дог-пати өтеді

Қарағандыда көктемгі дог-пати өтеді

"Джек-рассел-терьер" ит иелерінің клубы қарағандылықтарды 23 сәуірде көктемгі Dog party-ге шақырады. Мерекеге төрт аяқты доссыз да келуге болады.

Бағдарламада дәстүрлі лотерея, конкурстар мен викториналар бар. Сондай-ақ жәрмеңке болады, одан жиналған қаражаттың бір бөлігі жануарларға арналған баспаналарға көмекке жұмсалады.

Келушілер кинологтар және ветеринарлық клиникалардың өкілдерімен сөйлесе алады.

"Барлығын мерекеге күтеміз. Жақсы көңіл-күйдің болуы міндетті шарт болуы керек. Ал егер сіз төрт аяқты досыңызбен келсеңіз, тұмылдырық пен тазалық пакетін ұмытпаңыздар", – дейді ұйымдастырушылар.

Іс-шараның басталуы сағат 13:00-де.

Dog Party "Фата Моргана" кешенінің аумағында өтеді: Ержанов көшесі, 31/2.