Қазтұтынуодағы университетінің студенті "Жас қанат" республикалық байқауында Қарағанды облысының намысын қорғайды

Қазтұтынуодағы университетінің студенті "Жас қанат" республикалық байқауында Қарағанды облысының намысын қорғайды

Жаңа есімдер – Қазтұтынуодағы университетінің студенті Камила Рамазанова Қарағанды облысын "Жас қанат" республикалық жас орындаушылар байқауында таныстырады.

Қарағандыда шығармашылық жарыстың облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды.

25-ші мерейтойлық конкурсқа қатысуға облыстың барлық өңірлерінен 40-тан астам жас орындаушылар өтінім берді. Финалға Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров, Шет аудандарының, Теміртау және Қарағанды қалаларының 15 өкілі қатысты. Қатысушылардың жасы 18-ден 30 жасқа дейін.

– Осы мерейтойлық жылдың жаңалығы – бірінші турда байқауға қатысушылар TOPBAND тобының сүйемелдеуімен тек жанды дауыста ән шырқады. Яғни, олар музыкалық топпен жұмыс істеді. Екінші орындау фонограммамен (-) болды. Мен үшін ҚЭУ университетінің студенті Камила Рамазанова, Абай ауданынан Абай Қырықбаев және Теміртаудан Әсел Сейітқалиева ең жарқын қатысушылар болды. Вокал ғана емес, сонымен қатар көркемдік, презентация және харизма да маңызды. Олар мұның бәрін көрсете алды, – дейді "Жас қанат" байқауының облыстық кезеңінің ұйымдастырушысы Думан Баймағамбетов.

Биыл облыстық жас орындаушылар байқауының тарихында алғаш рет Қарағандыға "Азия Дауысы" халықаралық байқауының президенті Ирина Ковыряко және "Жас қанат" республикалық байқауының атқарушы продюсері Жұматай Алдыханов келді.

Қазылар алқасына өткен жылдардағы "Жас қанат" облыстық байқауының лауреаттары Гүлсім Мырзабекова, Роман Ким, Гүлнар Кошенова және Арайлым Жүкенова кірді.

Жыл сайын қатысушылардың нөмірлері кәсіби бола түсуде. Байқауға қатысушылардың жақсы дайындығын қазылар алқасы да атап өтті.

– Қатысушылар әр түрлі жанрларда. Репертуар да өте кең. Әрқайсысы өз бетінше талантты. Биыл қатысушылардың саны азайды, сондықтан әркімнің өнерін егжей-тегжейлі қарастыруға болады. Сондай-ақ, орындаушылар баға жетпес тәжірибе жинады – Live Band, музыкалық топпен жұмыс істеді. Кез-келген елдің бет-бейнесі – мәдениет. Мұндай байқаулар жаңа таланттарды табуға, жаңа есімдерді ашуға көмектеседі, – дейді қазылар алқасының мүшесі Роман Ким.

"Жас қанат" байқауының облыстық кезеңінің лауреаттары атанғандар:

- бірінші орын – Аяла Мұқышева (Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі);

– екінші орын – Камила Рамазанова (Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті) және Айзада Бәкіраева (Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі);

- үшінші орын – Алина Елібаева (Қарағанды), Нұрбек Шабанов (Шет ауданы) және Нәзік Жолдығалиева (Қарқаралы ауданы).

Көрермен көзайымы сыйлығын Камила Аринова (Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) және Абай Қырықбаев (Абай ауданы) жеңіп алды.

Тағы жеті қатысушы алғыс хаттармен марапатталды.

"Жас қанат" байқауының атқарушы директоры Жұматай Алдыханов Қарағанды облысынан Камила Рамазановаға республикалық кезеңге қатысуды ұсынды. Ол Шәмші Қалдаяқовтың Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған "Өмір өзен" және Rise Up ("Ұш!") әндерін орындады.