
Қарағанды мен Бұқар Жырау ауданының "Айналайын", "Балдәурен" және "Шұғыла" хореографиялық ансамбльдері Өзбекстандағы Nauryz Fest халықаралық байқауында Гран-при жеңіп алды.

Қарағанды қаласының № 1 Балалар өнер мектебінің "Айналайын" ансамблі байқауда бірден бес Гран-при жеңіп алды.

Олардың үшеуі қазылар алқасының мүшелерімен топтық би нөмірлері – ұйғыр биі, андижан полькасы, тәжік биі үшін марапатталды.

Ұжымның қоржынына тағы екі Гран-приді солистер Нұрсая Балтабай мен Даяна Досова алып келді, олар Бұхара биі мен "Арманға апарар жол" композициясын орындады.

– "Айналайын" ансамбліне өткен жылы 20 жыл толды. Екі жетекшіміз – мен және Эльмира Қыстаубаева, – дейді Қанипа Имашева. – Біз конкурсқа Өзбекстанға кіші, орта және жоғары топтарымызды алып бардық. Сондай-ақ бізде дуэттер мен жеке нөмірлер болды. Бес Гран-при мен үш бірінші орынға ие болдық. Қазылар алқасы әртүрлі елдердің ең мықты ұжымдары жиналғанын атап өтті. Оларға ең үздігін таңдау қиынға соқты.

Қанипа Имашева сонымен қатар Доскей ауылындағы "Мирас" балалар өнер мектебінің "Балдәурен" хореографиялық ансамблін басқарады.

Ұжым қазылар алқасының мүшелерін "Қара жорға" қазақ ұлттық биін орындаумен тәнті етті. Осы нөмір үшін ансамбль Гран-примен марапатталды.

– Биыл "Балдәурен" хореографиялық ұжымына 10 жыл толады. Орта топта 14 қатысушы бар. Олар көптеген облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары, – деп атап өтті Қанипа Имашева. – Менің тәрбиеленушілерімнің жеңісі – көп жылдық табанды дайындықтың, жаттығудың нәтижесі. Жалпы, біз сапардан ұмытылмас тәжірибе алдық. Мұндай жарыстарда балалар кәсіби тұрғыда өседі.

Бұқар Жырау ауданының "Руханият" балалар өнер мектебінің "Шұғыла" ансамблінің есебінде екі Гран-при бар. Ұжым өзбек биі "Байрам" және қазақ биі "Домбыра думан"үшін марапатталды.

Жетекшісі – Эльмира Қыстаубаева.