
Қарағанды облыстық мәслихатына партиялық мандаттар бөлінді. Алты партия облыстық сайлау комиссиясы тіркеген тізімдерді ұсынды.
Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, партиялық тізімдер бойынша Қарағанды облыстық мәслихатына 18 депутат тіркелген.
Amanat партиясынан – 10:
Әбілов Мұрат Смағұлұлы, 1959 жылы туған, Қарағанды облысы жеке сот орындаушылары палатасы басшысының орынбасары;
Әбдікеров Рысқали Қалиақбарұлы, 1959 жылы туған, қоғам қайраткері;
Алтынбеков Бекзат Комарұлы, 1973 жылы туған, Amanat партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы;
Башай Меруеш, 1974 жылы туған, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртісі;
Георгиади Иван Владимирович, 1980 ж. т., «Имсталькон» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
Қожахметова Ләззат Таймырқызы, 1976 жылы туған, «Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» ҚБ басшысы;
Куприенко Александр Григорьевич, 1980 ж. т., «Оптимальный» ЖШС директоры;
Оразбеков Асқар Бегалиұлы, 1988 ж. т., жеке кәсіпкер;
Өтеубаев Талғат Бабашұлы, 1962 жылы туған, «Eurasian Industrial Chemical Group» ЖШС Бас директоры;
Шалабаева Зара Хамитқызы, 1983 жылы туған, «Жаңа Қазақстан» азаматтық одағы» ҚБ төрайымы.
«Ауыл» партиясынан – 2:
Адекенов Серғазы Мыңжасарұлы, 1956 ж. т., «Фитохимия» ХҒПХ» АҚ Бас директоры;
Әбдікәрімов Аян Болатұлы, 1965 жылы туған, кәсіпкер.
«Respublica» партиясынан – 1:
Есентұров Асхат Жалғасбайұлы, 1982 жылы туған, «Колғанат-Қарағанды» ЖШС директоры.
Қазақстан халық партиясынан – 2:
Щетинин Виктор Петрович, 1959 жылы туған, «Жақтау» металлургтер кәсіподағының төрағасы;
Серікұлы Жан, 1988 жылы туған, «KZHS Group» ЖШС Бас директоры.
«Байтақ» партиясынан – 1:
Қазитов Сейфул-Мәлік Төреханұлы, 1977 жылы туған, "ҚазЭкоЗаң" ЖШС директоры.
«Ақ Жол» партиясынан – 2:
Әбілдин Ермек Төлеуұлы, 1980 ж. т., «Ақ жол» ҚДП ҚОФ төрағасы;
Нұрқазов Ойрат Серікұлы, 1981 жылы туған, «Автоцентр-Бахус» компаниясы» ЖШС Бас директоры.
Облыстық сайлау комиссиясы бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 18 депутатты тіркеді. Жеңімпаздар тізімі осыған дейін жарияланған болатын. Хабарланғандай, олардың оны – Amanat партиясының өкілдері және үшеуі сайлауға өзін-өзі ұсынушылар ретінде барды.
Бүгін, 30 наурызда сағат 10:00-де Облыстық мәслихаттың жаңа құрамдағы бірінші сессиясы өтеді. Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін ұйымдастырушылық мәселелер шешілетін болады.