Enbek.kz порталында ірі кәсіпорындарға арналған онлайн бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Enbek.kz порталында ірі кәсіпорындарға арналған онлайн бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Enbek.kz электронды еңбек биржасының сайтында 29 наурызда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін тау-кен өндіру және өңдеуші кәсіпорындарға арналған республикалық онлайн бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Қатысу үшін жұмыс іздеушілер алдын ала тіркелуі керек.

Шараға еліміздің әр өңірінен 19 ірі жұмыс беруші қатысады:

«QazTehna» ЖШС, «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «Ремстройтехника» АҚ, «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС және т.б. Жәрмеңкеде барлығы 600-ден астам түрлі мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылады.

Жұмыс берушілер өз компанияларының онлайн презентациясын өткізеді, бос жұмыс орындарын ұсынады және өздеріне сай келетін кандидаттардың жеке деректер базасын қалыптастырады.

Үміткерлер ұйымдардың HR менеджерлерімен сөйлесе алады, әңгімелесуден өтеді және өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоя алады.

Жәрмеңкеге қатысу үшін Электрондық еңбек биржасы порталындағы Tanda.Enbek арнайы бөліміне өту қажет. Мұнда сіз жұмыс берушілер туралы қысқаша ақпаратты таба аласыз, бос жұмыс орындарын көре аласыз және оларға өтініш бере аласыз.

Жұмыс іздеушілер тіркелуі керек.

Жәрмеңке басталар алдында көрсетілген электронды поштаға шақыру хаты жіберіледі.

Еnbek.kz