
"Шалқыма" концерт залында 30 наурыз күні сағат 18:30-да Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған "Өз елім" концерті өтеді.

Қарағандылықтар мен қала қонақтарына арналған музыкалық кеште Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрімен бірге "Құрмет" орденінің иегері Сержан Мұсайын, Қазақстанның мәдениет қайраткері Меруеш Башай және республикалық байқаулардың лауреаттары Нұрбол Темірғалиев пен Гүлмира Тапай өнер көрсетеді.
Бағдарламада Нұрғиса Тілендиевтің "Алтын дән", "Қилы кезең", "Көңілді бикеш", "Махамбет", "Өз елім", "Ақсақ құлан", "Жеңіс салтанаты" шығармалары орындалады.
Бас дирижер – "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.
Билеттерді "Шалқыма" к/з кассаларынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.