Қарағандыдағы "Таңшолпан" балалар үйінің тәрбиеленушісі республикалық фестивальдің Бас жүлдесін жеңіп алды

Қарағандыдағы "Таңшолпан" балалар үйінің тәрбиеленушісі республикалық фестивальдің Бас жүлдесін жеңіп алды

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған байқауға қатысушылар арасында өткен "Қазақстан – менің алтын бесігім" республикалық фестивалінің бас жүлдесін қарағандылық Сергей Касьянов иеленді. Байқау үш бағытта өтті: вокал, театр өнері және хореография.

Қарағанды облысының үш өкілі "Жүрек жылуы" номинациясында ерекшеленді, онда қазылар алқасы қатысушылардың вокалдық өнерін бағалады. Кіші жас санатындағы Гран-приді "Таңшолпан" балалар үйінің тәрбиеленушісі Сергей Касьянов жеңіп алды.

Орта жас санаты бойынша екінші орын Татьяна Касьяноваға ("Таңшолпан" балалар үйі) бұйырды. "SOS Теміртау балалар ауылы" тобының мүшесі Ангелина Вострикова жоғары жас санатында күміс жүлдегер атанды.

– Біздің тәрбиеленушілер вокалдық номинацияға қатысты, – дейді "Таңшолпан" балалар үйі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Аян Кәрім. – Сергей фестивальде бірінші рет өнер көрсетті, ал Татьяна көптеген облыстық және қалалық байқаулардың лауреаты. Олар ән айтумен 2 жылдан бері айналысады. Жалпы, біздің орталықта 25 үйірме жұмыс істейді. Вокалдан басқа, балалар би, футбол, қазақша күрес, домбырада ойнау, фотография жасауды үйрену және тағы басқа үйірмелерде айналыса алады.

Сондай-ақ, "Ризамын халқыма!" театралды номинацияда "Жас орындаушы" атағы Осакаров ауданының Пионер балалар үйінің тәрбиеленушісі Ирина Жароваға берілді.

Іс-шара "Ризашылық – мейірімділік бұлағы" ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында өткізілді.