Қарағанды облыстық мәслихатына кімдер депутат болып сайланды

Қарағанды облыстық мәслихатына кімдер депутат болып сайланды

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланды. Жергілікті өкілді орган 36 адамнан тұрады. Жартысы алты партияның тізімдері бойынша анықталады. 18 бір мандатты округ бойынша жеңімпаздар аталды.

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша депутаттық мандаттарды партиялық тізімдер бойынша бөлу келесідей болады:

Amanat – 10;

"Ауыл", ХДП және "Ақ жол" – екіден;

Respublica және "Байтақ" – бір-бірден.

Бір мандатты аумақтық округтер бойынша көбіне Amanat партиясының кандидаттары өтті. Сонымен қатар, үш өзін-өзі ұсынушы жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, 18 бір мандатты округ бойынша 58 үміткер болған.

Округтер бойынша сайланғандар:

№ 1 – Абай Қалықов, 1975 ж. т., – А. Сағынов атындағы ҚарТУ тәрбие жөніндегі проректоры, басқарма мүшесі;

№ 2 – Бейбіт Досжанов, 1965 ж. т., "Интерстройсервис К" ЖШС бас директоры;

№ 3 – Қадиша Оспанова, 1959 ж. т., облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы;

 № 4 – Ерден Халилин, 1967 ж. т., олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының басшысы;

№ 5 – Гамаль Тоқсамбаев, 1975 ж. т., "№ 3 көпсалалы аурухана" КМК директоры;

№ 6 – Абсалям Карин, 1980 ж. т., "Astyk Alem"ЖШС Бас директоры;

№ 7 – Мира Махатчина, 1965 ж. т., "Қарағанды су қоймалары" КМК басшысы;

№ 8 – Андрей Ляпунов, 1969 ж. т., "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС Бас директоры;

№ 9 – Әлібек Алпыспаев, 1985 ж. т., "АрселорМиттал Теміртау" АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары бөлімінің бастығы;

№ 10 – Михаил Коновалов, 1984 ж. т., "АвтоТехЦентр-Азия" ЖШС қаржы директоры;

№ 11 – Алтынай Есқалиева, 1967 ж. т., "Теміртау қаласының № 4 емханасы" КМК директоры;

№ 12 – Нүркен Қобжанов, 1967 ж. т., Бұқар Жырау ауданының әкімі;

№ 13 – Евгений Буслаев, 1973 ж. т., "Қорғау” көміршілер кәсіподағы" ҚБ төрағасы;

№ 14 – Игорь Жабяк, 1963 ж. т., "Шанс" ШҚ басшысы;

№ 15 – Владимир Шнель, 1969 ж. т., "АрселорМиттал Теміртау" АҚ КД "Саран" шахтасының директоры;

№ 16 – Айтбай Жұмағұлов, 1975 ж. т., Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушысы;

№ 17 – Андрей Сокульский, 1970 ж. т., "Lion Invest Building" ЖШС директоры;

№ 18 – Алпыс Аманжолов, 1977 ж. т., "Шет ауданының орталық аудандық ауруханасы" КМК директоры.