
Рүстем Рысқалиұлы Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Осыған дейін ол Шет ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Рүстем Рысқалиұлы 1988 жылы туған. Оның екі жоғары білімі бар – Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ және "Болашақ" Қарағанды университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы ішкі істер органдарында бастаған. 2016 жылдан бастап Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бас маман – заңгер болып жұмыс істеді. 2018 жылдан 2021 жылға дейін – облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы.
2021 жылдың қыркүйегінен бастап осы тағайындауға дейін Шет ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.