Қарағандылық садақшы Азия Кубогында күміс медаль жеңіп алды

Қарағандылық садақшы Азия Кубогында күміс медаль жеңіп алды

"Қайрат" ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық мектептің жаттықтырушы-оқытушысы Надежда Кефер Азия Кубогының жүлдегері атанды. Қарағандылық спортшы күміс жүлдеге ие болды.

Халықаралық біріншілік Шымкентте өтті. Жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан спортшылары қатысты. "60 метр" санатына 55 әйел қатысты, оның бесеуі Қарағандыдан. Тек Надежда Кефер финалға өтіп, күміс медаль жеңіп алды.

Тәлімгер және спортшы өткен жылы Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанды. Енді садақшы Атырауда өтетін халықаралық турнирге және жаңа республикалық біріншілікке дайындалатын болады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша