
Қарағандыда Мартбек Тоқмырза атындағы "Жымиясың сен неге?" атты облыстық әзілқойлар фестиваль-байқауы өтеді. Оған Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының мәдениет бөлімдері, мәдениет үйлері, мәдени-демалыс орталықтары, жоғары оқу орындары мен колледждердің ұжымдары қатыса алады. Жас шектеулері жоқ. Плагиат пен әдепсіз әзілдерге қатаң тыйым салынады.

Фестиваль-байқауға екі номинация кіреді:
Қатысуға өтінімдер 28 наурызға дейін Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 32-үй мекенжайы бойынша немесе электрондық поштаға қабылданады: karonmc@mail.ru. Байқаудың өзі 1 сәуір сағат 14:00-де Достық үйінде өтеді.
Жыл сайынғы дәстүрге айналған фестиваль-байқау мемлекеттік тілде өткізіледі. Қазылар алқасы әзіл-оспақты, актерлік шеберлікті, сахна мәдениетін, сөйлеу бейнесі мен мәдениетін бағалайды.
Отыз бірінші наурызда дайындалған материал қаралады. Барлық әзілқойлар редакциялық жұмысқа қатысуы тиіс.
Жеңімпаздар екі номинация бойынша жеке таңдалады (I, II, III орындар), қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады.
Ұйымдастырушы – демалыс және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы.
Толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: (8-7212) 42-50-33, 8-776-161-34-36.