
Жүгіру сайсының әуесқойларын 25 наурызда Саранда өтетін Nauryz Run тегін жартылай марафонына шақырады. Іс-шараны қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырады.
Жас санатына байланысты бірнеше жүгіру ұйымдастырылады.
Жартылай марафон басталар алдында 500 метрге балалар жарысы (13 жасқа дейін) өтеді. 13 жастан асқан жүгірушілер үшін қашықтық 7 км, 18 жастан асқандарға – 14 және 21 км құрайды.
Қатысушыларды тіркеу @otdel.sporta.saran Instagram парақшасында және WhatsApp: +7-707-532-22-50 нөмірі бойынша өтеді. Тіркеудің соңғы күні – 24 наурыз.
Бастапқы пакетті жарыс басталғанға дейін мына мекен-жай бойынша алу қажет: Саран қ., Жамбыл к-сі, 85А, каб. 103 (09:00-ден 18:30-ға дейін).
Жартылай марафонның басталуы мен аяқталуы "Үшбұрыш" қоғамдық кеңістігінде (Рабочая және Новая көшелерінің арасында) өтеді.
Жарыстың барлық қатысушылары естелік медаль алады, ал балалар сонымен бірге мерекелік шоколад алады. Кішкентай жанкүйерлерді шоу, аниматорлары бар балалар бағдарламасы және тәтті сыйлықтар күтеді.