Қарағанды тұрғыны ескі жұмсақ ойыншықтардан қолғап қуыршақ тігеді

Қарағанды тұрғыны ескі жұмсақ ойыншықтардан қолғап қуыршақ тігеді

Қарағандылық Татьяна Краснова жұмсақ мысықтар, аюлар, қояндар және басқа да ойыншық жануарларды жасаумен айналысады. Қолөнерші қайта өңделген қолғап қуыршақтарын тігеді.

Татьяна жеті жыл бұрын ерекше хоббимен әуестене бастаған. Ол кішкентай ұлы Леонид барған "Балбөбек" балабақшасына алғашқы қуыршақтарды тігіп берген. Қуыршақтар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саусақ театрының "актерлеріне" айналып қана қоймай, балаларға сөйлеуді дамытуға көмектесті.

– Менде тәжірибе болған жоқ, – дейді Татьяна. – Мен қолғапты қалай тігу керектігін түсіндім, бірақ бастармен не істеу керектігін білмедім.

Ұлым барған топтың тәрбиешісі ескі жұмсақ ойыншықтарды бір қап қылып жинап берді. Соларды қолдандым. Мен осы процесте жаңартылған бірнеше үлгілерді жасадым. Алғашқы ойыншықтарды тігіп болғаннан кейін мен хабарландыру беруді шештім. Бір балабақшаға қажет болса, басқа балаларға да қуыршақ қолғаптары қажет.

Қазір Татьянаның ойыншықтары балалар орталықтарында, балабақшалар мен мектептерде сұранысқа ие. Ол жеке тапсырыстар да алады.

Қолөнершінің арнайы білімі жоқ. Бірақ оның машинкада тігу дағдылары бар, ол киімді үлгіге сәйкес өзі тіге алады.

Қолғап қуыршақтарын жасау үшін интернеттен қадамдық нұсқауларды қолданады. Бүгін Татьянаның көмекшісі бар. Ойыншықтарға екінші өмір сыйлауға оның 7 жасар қызы Пелагея көмектеседі.

– Жұмыс үшін маған киіз, қосымша жабдықтар, маталар және пайдаланылған ескі жұмсақ ойыншықтар қажет. Бірде мен ескі джинсы қабылдайтын хабарландыруды кездестірдім. Мен де осындай хабарландыру беруді шештім. Себебі көп үйлерде жатқан ойыншықтар құр жай орын алып жатады. Олар балаларға әлі де қызмет ете алады. Әрине, мен қолғап ойыншығының басын өзім жасай аламын. Бірақ мен мүмкіндігінше ескі ойыншықтара екінші өмір сыйлауды қалаймын, – дейді шебер.

Татьянаға кейде жаңа ойыншықтарды да алып келеді, оларды қуыршақтар жасау үшін пайдалануға қолым бармайды, дейді. Ондай жағдайда оларды шебер ретке келтіріп, су жаңа ойыншыққа айналдырады. Біреуіне көз жабыстырады, екіншісінің бүйірін тігіп қояды, ал кейбіреуіне жаңа шарф тағады.

– Мен Қарағандының "БезгRUNичные" әуесқой-спортшылар клубына жетекшілік етемін. Бір рет олар сурет байқауын өткізді.

Міне, жеңімпаз балаларға біз бір кездері қолданыста болған ойыншықтарды сыйладық. Мен оларды тек қалыпқа келтірдім. Менің ойымша, мұндай сыйлық алғанына алар ренжіген жоқ. Ойыншықтар жаңа болып көрінді. Жалпы, мұндай ойыншықтарды ерекше етіп жасау менің жоспарымда бар. Жобаны "Екінші өмір" деп атаймыз және тиісті тегтер жасаймыз. Сонда ойыншықтың жаңа емес екендігі бәріне түсінікті болады, бірақ оның иесіне қуаныш әкелуі мүмкін. Айтпақшы, менің қызым пайдаланылған ойыншықтармен қуана ойнайды, – дейді қолөнерші.

Татьянада тағы бір идея бар. Ол Қарағанды балалар үйінің біріне қуыршақ театрына тегін көмектескісі келеді. Жаңа кейіпкерлерді қалпына келтіру және тігу ғана емес, сол жерде спорт клубының мүшелерімен бірге ертегі көрсету.

Бүгінде Татьяна Красноваға арналған ескі жұмсақ ойыншықтар "Қайта өңделетін Қарағанды" ("Вторсырьё Караганда") компаниясында қабылданады. Жақында ол осы жерден 13 кг болған екінші партияны алып кетті. Акция жалғасуда. Қарағандылықтар өздеріне қажет емес ойыншықтарды қайта өңдеу пункттеріне әкеле алады. Бұл 50 см-ге дейінгі кез-келген күйдегі кез-келген кейіпкер болуы мүмкін. Ойыншықтардан басқа, сіз әртүрлі маталардың, жіптердің, қалдықтарымен бөлісе аласыз.

Сізді қызықтыратын барлық сұрақтарды мына телефон арқылы қоюға болады: +7-702-813-24-33.