ҚР ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын шығарды: Қарағанды облысында сайлаушылардың келуі 59,48 % құрады

ҚР ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын шығарды: Қарағанды облысында сайлаушылардың келуі 59,48 % құрады

ҚР ОСК Мәжіліс пен мәслихаттарға депутаттарды сайлауға келудің алдын ала қорытындысын шығарды. Сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 22:00-дағы жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 54,19 % -ы бюллетеньдер алды. Қарағанды облысында өз дауыстарын 59,48 % сайлаушы берді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірдегі Мәжіліс пен мәслихаттарға депутаттарды сайлау 654 учаскеде өтті. 761 471 сайлаушы тіркелді. Дауыс беру процесін тәуелсіз бақылаушылар қадағалады.