Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың Мәжіліс пен мәслихаттарға депутаттарды сайлауға қатысуы жөніндегі деректерді жаңартты

Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың Мәжіліс пен мәслихаттарға депутаттарды сайлауға қатысуы жөніндегі деректерді жаңартты

2023 жылғы 19 наурызда сағат 16:10-дағы жағдай бойынша, ОСК мәліметтеріне сай, тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 51,98 % бюллетеньдер алды. Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 58,21 %-ды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, өңірдегі Мәжіліс пен мәслихаттарға депутаттарды сайлау 654 учаскеде өтуде. 761 471 сайлаушы тіркелген. Облыста 863 сайлау комиссиясы жұмыс істеп жатыр.