
Қарағандыда Майқұдық көпқабатты үйінің ауласында киіз үй орнатылды.

17-ықшам ауданындағы 55-ші үйдің тұрғындары Наурыз мейрамын бірігіп, ерекше атап өтті.

Дастархан жайылып, палау мен наурыз көже дайындалды.

Аулада мерекелік атмосфера орнады. Көбісі отбасымен жиналып, тойлатты. Ересектер мен балалар ұлттық киім киіп, аулаға шықты. Халық әуендеріне билеп, ұлттық ойындар ойнады.

– Наурызды бүкіл ауламен тойлау идеясы бізге қаңтар айында келді. Содан кейін бірден киіз үйге тапсырыс бердік. Мерекені ертерек, жексенбіде атап өтуді шештік, өйткені балаларда демалыс басталды, 20-нан кейін көбісі ауылдарға тарайды, – дейді мерекені ұйымдастырушылардың бірі – Рауан Ахметов.

– Біз балаларға халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды көрсеткіміз келді.

Мерекені тұсаукесерден бастадық, содан кейін ақсақалдар бата берді, Құран оқыды. Тәттілер мен концерттік бағдарлама дайындалды. Бұл біздің алғашқы тәжірибеміз.

Жыл сайын біз Наурызды осылай қарсы аламыз деп үміттенеміз, тіпті басқа үйлермен бірігіп, одан да ауқымдырақ етіп өткізгіміз келеді.

Мерекеде қонақтарды да қуана қарсы алды.

– Бұл үйде менің кенже ұлым он жылдан астам уақыт тұрады. Көршілер өте тату, әрқашан бір-біріне көмектеседі. Мерекеге шақырды, қуана қосылдым. Шашуымды ала келдім. Баршаңызды құттықтаймын, денсаулық пен бақыт тілеймін, – деді Нескен Омарбекова.
