Қарағанды облысында Мәжіліс пен мәслихаттарға депутаттарды сайлау қалай өтуде

Қарағанды облысында Мәжіліс пен мәслихаттарға депутаттарды сайлау қалай өтуде

Қарағанды облысында аумақтық комиссиялардың деректері бойынша 14:00-дағы жағдай бойынша тіркелген сайлаушылардың жалпы санының 56,97 %-ы бюллетеньдер алды.

Өңірде дауыс беру штаттық режимде өтіп жатыр.

№ 87 учаскеге дауыс беруге заң ғылымдарының кандидаты, академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қауымдастырылған профессоры Болат Сыздық келді.

– Біз бүкіл отбасымызбен барлық сайлауға міндетті түрде барамыз, себебі бұл қарапайым адамның мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігі. Дауыс беру тек құқық қана емес, сонымен қатар міндет болып табылатын елдер бар. Мұндай норманы біздің заңнамаға енгізу демократия қағидаттары мен қазіргі әлемнің құндылықтарын бұзбайды. Біз келіп, үнсіз дауыс беретін сияқтымыз, бұл жай ғана бюллетеньдердегі “белгі" емес – біз өз еркімізді билік вертикалының әртүрлі деңгейлерінде ұсынатын кандидатты таңдау арқылы білдіреміз. Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз деп үміттенеміз. Елдегі өзгерістер әркімнің санасының өзгеруінен басталатынын, тарихты адамдар жасайтынын түсіну керек, – деп санайды Болат Сыздық.

Абай ауданының Құлайғыр ауылында № 442 сайлау учаскесінде облыстың ең қарт тұрғындарының бірі Сәбилә Орманбаева дауыс берді. Тыл еңбеккері 102 жаста. Ол өмір бойы сауыншы болып жұмыс істеді. Сабила апа күйеуінен ерте айырылып, тоғыз баласын жалғыз өзі тәрбиелеген. Бүгінде көп балалы ананың 25 немересі мен 6 шөбересі бар.

 – Жасына қарамастан әркім дауыс беруі керек деп санаймын. Қазақстанның болашағы бізге байланысты. Елімізде бейбітшілік пен келісім орнағанын қалаймын, – дейді Сәбилә апа.

Жас жұбайлар Серғазы Рахымжан мен Марал Ерболатова бүгін отбасын құрды. Қарағандының № 97 гимназиясында орналасқан № 62 сайлау учаскесінде өз дауыстарын берді.

– Біз үшін бұл қос мереке. Азаматтық борышымызды өтеу үшін сайлау учаскесіне келдік. Бұл біздің еліміз үшін, болашағымыз үшін маңызды, – деп атап өтті жас жұбайлар.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдай жасалған. Олар үшін жеке кабиналар ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, арнайы орындар қарастырылған: ноутбуктер, онда қажетті ақпарат, құлаққап және үлкейткіш әйнек бар.

Тәуелсіз байқаушылардың бағалауы бойынша сайлау тиісінше өтуде.

– Сайлаушылар тарапынан еш шағым жоқ. Көптеген адамдар сайлау науқанын теледидардан, интернеттен бақылағаны сезінеді. Бірінші болып дауыс бергендердің арасында аға буын өкілдері көп, бірақ жастар да аз емес, – деп атап өтті Қарағанды қаласының № 31 сайлау учаскесінде кезекшілік ететін Қазақстан Халық партиясының бақылаушысы Қайырлы Қазыкен.

Қарағандының № 53 мектеп-лицейінде екі сайлау учаскесі орналасқан – 143 және 144. Белсенділік жақсы.

– Бәрі ережеге сәйкес жүріп жатыр, ешқандай бұзушылықтар тіркелген жоқ - біз актілерге жарты сағат сайын қол қоямыз. Адамдар жеке және отбасылармен дауыс беруге келуде. Учаскеде барлық жағдай жасалған, барлық қажетті ақпараты бар стендтер орналастырылған, – деп бөлісті бақылаушы Фариза Төлеутай.

№ 143 учаске төрайымы Айман Сәдуақасова мүмкіндігі шектеулі жандарға дауыс беру үшін жабдықталған арнайы орынды көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында 654 сайлау учаскесі бар. 761 471 сайлаушы тіркелді, оның ішінде бірінші рет дауыс берушілер – 12 735.