Орталық сайлау комиссиясы 10:10-дағы жағдай бойынша сайлаушылардың келуін жариялады

Орталық сайлау комиссиясы 10:10-дағы жағдай бойынша сайлаушылардың келуін жариялады

Орталық сайлау комиссиясы сағат 10:10-ға дейін сайлаушылардың келу нәтижелерін жариялады. Қазақстан бойынша бюллетеньдер тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 14,21% -ы алған. Қарағанды облысында – сайлаушылардың 16,31% дауыс беріп үлгерді.

Өңірде Мәжіліс пен мәслихаттарға депутаттарды сайлау 654 учаскеде өтуде. 761 471 сайлаушы тіркелген.

Облыста 863 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Дауыс беру процесін тәуелсіз бақылаушылар бақылайды.