Қарағанды облысының 170-тен астам мемлекеттік қызметшісі ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысты

Қарағанды облысының 170-тен астам мемлекеттік қызметшісі ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысты

Қарағанды облысының 170-тен астам мемлекеттік қызметшілері Наурызды мерекелеуге арналған ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысты.

Жарыс Қ. Нұржанов атындағы жеңілатлетикалық манежде өтті.

Біріншілікке бес қаланың, жеті ауданның, облыстық басқармалардың және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Турнир бағдарламасында бес спорт түрі ұсынылды: тоғызқұмалақ, садақ ату, арқан тарту, асық ату және гір спорты. Команда құрамына 14 адамға дейін кірді.

Жарыстың бас төрешісі Қарағанды қаласының кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Асхат Ахметов болды.

– Дене шынықтыру және спорт басқармасы мұндай турнирді бірінші рет өткізуде. Көптеген мемлекеттік қызметшілердің ұлттық спорт түрлерінде өз күштерін сынап көргісі келгені қуантады. 15 команда қатысты, барлығы әуесқой спортшылар. Жарыс жеке және командалық сынақтар бойынша өтеді, – дейді Асхат Ахметов.

Бұқар Жырау ауданының команда өкілі Әнел Смайылова өзін жекпе-жек өнерінде – дәстүрлі садақ атуда сынап көруге бел буған.

– Спортпен мен көп жыл айналысып келем. Көпсайысқа да, ұзақ қашықтыққа жүгіруге де қатыстым, волейбол мен баскетбол ойнадым. Бұл жолы мен садақ атуды шештім. Бір жыл бұрын ұлым осы спорт түрімен айналыса бастады, мен де әуестене бастадым. Жаттығуға барамын, бірақ өкінішке орай өте сирек. Садақ ату көру қабілетін, тәртіпті, төзімділікті, шымырлықты дамытады. Егер сіз қобалжысаңыз, нысанаға дөп тию мүмкін болмайды. Ол үшін сабырлы және зейінді болуымыз керек, – дейді Бұқар Жырау ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әнел Смайылова.

– Шынымды айтсам, соңғы рет қандай да бір жарысқа мектепте оқып жүргенде қатысқанмын, – деп мойындайды турнирдің тағы бір қатысушысы Нұржан Құсайынов. – Мен Нұра ауданының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеймін. Жұмыс көп уақытты алады. Мүмкіндігінше денемді шынықтырып отыруға тырысамын. Мен ара-тұра аулада жаттығамын, турникте тартыламын. Бүгін арқан тарту спорт түрін таңдауды шештім. Ұлттық спорт түрлеріне көбірек көңіл бөліп, оларды дамытып, жастарды тарту керек.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есептің жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Алғашқы үш орынды иеленген команда қатысушылары грамоталармен және медальдармен марапатталды.