Нұра ауданының орталық ауруханасына жаңа физиотерапиялық аппараттар алынды

Нұра ауданының орталық ауруханасына жаңа физиотерапиялық аппараттар алынды

Нұра ауданының орталық аудандық ауруханасына кәсіпкер Сейілхан Қоңырбаев Наурыз мейрамына бес жаңа физиотерапиялық аппарат сыйға тартты.

"Алмаг+", "Алмаг-01" аппараттары, "Гезатон" дарсонвалдық терапияға арналған жабдық, "Поток -1" гальванизаторы және ультракүлгін кварц сәулелендіргіші бронх демікпесі, созылмалы бронхит, ӨСОА, артрит, артроз, остеохондроз, сколиоз, өкше шпоры, сынықтар, шығып кету, созылу, жыртылу секілді шағымдары бар пациенттер үшін қажет, жұмсақ тіндердің көгеруі және басқа көрсеткіштерде қолданылады, – деп атап өтті Орталық аудандық ауруханада.

– Физиотерапиялық процедураларды учаскелік дәрігерлер мен бейінді мамандардың жолдамасы бойынша, медициналық сақтандыру көлемінде, сондай-ақ ақылы негізде алуға болады".

Нұра ауданындағы "Жараспай" ЖШС басшысы Сейілхан Қоңырбаевты еңбектеген баладан еңкейген қарттарға дейін біледі.

– Сейілхан Оспанбайұлы көп жылдар бойы туған жері Жараспай ауылына көмек көрсетіп келеді. Қазір ауыл тұрғындарының 70 пайызға жуығы оның серіктестігінде жұмыс істейді, – дейді Жараспай ауылының әкімі Жангелді Рахымжанов. – Ол жыл сайын жергілікті тұрғындарға көмектеседі. Мереке күндері балаларға, ардагерлерге арналған сыйлықтар таратады, спорттық және мерекелік бұқаралық шаралардың тұрақты демеушісі. Оның күшімен ауылда бір көшеге асфальт төселіп, "Жараспай – алтын бесігім" тұғыры орнатылып, ҰОС жауынгерлеріне арналған ескерткіш қалпына келтірілді.