
Қарағанды облысында "Жасыл ел – 2023" жастар еңбек жасақтары жауынгерлерінің қатарына қабылдау басталды. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 14 жастан 34 жасқа дейінгі аймақ тұрғындары қатыса алады. Халықтың әлеуметтік осал топтарына басымдық берілетін болады.
Жауынгерлер елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді, "Жасыл ел" қамқорлығымен түрлі тақырыптық іс-шаралар мен экологиялық акцияларға қатысады.
Еңбек маусымына қатысу үшін қаланың (ауданның) Жастар ресурстық орталығына хабарласып, жиналған құжаттар топтамасын тіркей отырып, тіркеу нысанын толтыру қажет.
Құжаттар пакеті мыналарды қамтиды:
- өтініш берушінің жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі. Кәмелетке толмаған адамға ата анасының немесе заңды қамқоршысының жазбаша рұқсаты қажет болады;
- ЖОО және колледж студенттері үшін оқу орнынан анықтама;
- терапевттен эпидемиялық орта туралы анықтама. Оны тіркелген жері бойынша емханадан алуға болады;
- жеке банктік шоттың болуы туралы анықтама;
- әлеуметтік осал санатқа жататынын растайтын құжат (бар болса).
"Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары 1 маусымнан 31 тамызға дейін ай сайынғы негізде жұмыс істейтін болады. Бұл ретте әрбір қатысушы бір айдан аспайтын мерзімге жұмысқа орналасады.
Қабылдау 15 сәуірде аяқталады.
Жастар ресурстық орталықтарының байланыс деректері:
- Абай ауданы: 3 ш / а, 43 үй, (8-72131) 465-35, @abaizhastary;
- Ақтоғай ауданы: А. Бөкейхан көшесі, 8а үй, (8-71037) 213-55, @aktogai_zhastar;
- Балқаш: Абай көшесі, 32 үй, (8-71036) 447-11, @balqash_jastary;
- Бұқар Жырау ауданы: Абылайхан көшесі, 41А үй, (8-72154) 221-30, @buqarjyrayjastary;
- Қарағанды: Тәттімбет көшесі, 709, +7-776-007-22-33, @qaragandy_jastary;
- Қарқаралы ауданы: В. Рей көшесі, 50 үй, (8-72146) 325-43, @qaragandy_jastary;
- Нұра ауданы: Абай көшесі, 41 үй, (8-72144) 210-11, @jastar_nura_official;
- Осакаров ауданы: Пионерская көшесі, 1А үй, (8-72149) 240-31, @osak_zhro;
- Приозерск: Достық көшесі, 23 үй, (8-71039) 537-21, @prio_jastary;
- Саран: Жамбыл көшесі, 85а үй, (8-72137) 574-35, @saran_jastary_mrc;
- Теміртау: Құрылысшылар даңғылы, 47 үй, (8-7213) 415-232, @zhastar_temirtau;
- Шахтинск: Казахстанская көшесі, 101 үй, (8-72156) 535-29, @shahtinsk_jastary;
- Шет ауданы: С. Сейфуллин көшесі, 76а, (8-71031) 500-12, @zhastar55.
"Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының жобасы Қарағанды облысында 2005 жылдан бастап іске асырылуда. Соңғы үш жылда оған 14 пен 28 жас аралығындағы 5 мыңнан астам тұрғын қатысты.