Бір шаңырақ астында: Қарағандыда румын фольклоры фестиваліне түрлі этноұжымдар жиналады

Бір шаңырақ астында: Қарағандыда румын фольклоры фестиваліне түрлі этноұжымдар жиналады

Қарағандыда Марцишор көктем мерекесін тойлау дәстүрге айналды. "Дакия" облыстық румын қоғамы алғаш рет 2013 жылы аттас фестиваль ұйымдастырған. Содан бері ол жыл сайын өткізіліп келеді.

Марцишор Наурызға өте ұқсас мереке. Ол да көктемнің басталуы мен жаңаруын білдіреді. Қарағандыда мереке көпұлтты шеңберде атап өтіледі. Мерейтойлық, оныншы фестивальде түрлі халықтардың әндері мен билері орындалады.

"Бағдарламада "Доруле" этнофольклорлық ансамблі, "Қуаныш", "Жұлдыз", "Шұғыла" хореографиялық ансамбльдері, "Яг Бари" фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді. Қобызшы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғайни Болтаева, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының солисі Денис Кудряшов, "Русалица" ансамблінің солистері қатысады, – деп хабарлады ұйымдастырушылар. – X фестивальде қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтауға және нығайтуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ "Дакия" румын мәдени қоғамының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарды марапаттау өтеді”.

"Марцишор-2023" фестивалі 18 наурызда "Сарыжайлау" кинотеатрында өтеді. Басталуы 13:00. Кіру тегін.

Қарағандыда "Дакия" румын қоғамы 2005 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді. Мәдени ұлттық орталық румын-дакиялықтардың алыс ата-бабаларының атымен аталған. Қоғамның басты міндеті мәдениет пен ана тілін жаңғырту және дамыту, жас ұрпақты румын дәстүрлерімен таныстыру, халықтар арасындағы достықты нығайту болды.

Ежелгі Марцишор мерекесі Молдова мен Румынияда атап өтіледі. Оның тарихы жұмбақ күйінде қалып отыр. Шығу тегі Рим империясы кезінде пайда болған деп есептеледі. Мерекеде бір-біріне ақ және қызыл жіптерден жасалған бутоньерлер беру әдетке айналған. Қызыл түс өмір мен сүйіспеншілікті, ақ түс тазалық пен руханилықты білдіреді.