Қарағандыда облыстық спорт мектептерінің қызметкерлері арасында турнир өтуде

Қарағандыда облыстық спорт мектептерінің қызметкерлері арасында турнир өтуде

Наурыз мерекесіне орай Қ. Нұржанов атындағы Қарағанды жеңіл атлетика манежінде Қарағанды облысының барлық спорт мектептерінің қызметкерлері арасында II турнир өтуде.

Кәсіби жаттықтырушылар емес, әкімшілік корпус пен техникалық қызметкерлер өзара күш сынасады.

Жарысқа өңірдің қалалары мен аудандарындағы 33 спорт мектебінен 350-ден астам адам қатысады. Олардың қатарында Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, жоғары спорт шеберлігі мектебі, олимпиадалық резервті дайындау орталығы бар.

Жарыс спорттың алты түрінен өтеді: бадминтон, асық ату, үстел теннисі, дартс, волейбол және арқан тарту.

– Облысымыздың барлық спорт мекемелері спартакиадаға қатысады. Бұл жолы әкімшілік қызметкерлері мен техникалық қызметкерлер өз шеберліктерін көрсете алады. Регламент бойынша жаттықтырушылар мен оқытушылар қатыса алмайды. Турнирдің басты мақсаты - ұжымды біріктіру. Біз үшін мұндай іс-шаралар – мереке. Біз шалғай аудандардағы әріптестермен кездесеміз, сөйлесеміз. Турнир дәстүрге айналады деп үміттенемін, – дейді жеңіл атлетикадан ООРБЖСМ басшысы Нұрлан Түсіпов.

Нұра кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жетекшісі Игорь Пронин әріптестерімен кездесіп, жарысқанына қуаныштымын дейді.

– Мен өзім грек-рим күресінен спорт шеберімін. Бұл жолы бадминтон таңдадым. Біздің қызметкерлер волейбол, үстел теннисі, асық ату және арқан тартыста өнер көрсетеді. Командада бізде 12 адам бар. Күзетші де, от жағушы да, шаруа басшысы да бар. Барлығы жаттығады, өйткені қарым-қатынас бір бөлек, ал спорттық толқуды ештеңе алмастыра алмайды, – дейді Игорь Пронин.

Мұндай жарыстарға Осакаровка кентінің спорт мектебі де бірінеше рет қатысқан.

– Біздің мектептің намысын 14 адам қорғайтын болады. Кеше команда құрамында волейболға қатыстым, бүгін үстел теннисінде күресетін боламын. Мен өзім бокстан спорт шеберіне үміткермін. Бірақ мен бокспен ғана айналыспаймын, маған әр түрлі спорт түрлері ұнайды. Мен әр күнімді жаттығудан бастаймын. Осакаровкада бізде 320 орындық үлкен дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Балалардан бастап ардагерлерге дейін барлығы спортпен айналысады. Спорт біріктіретіні өте жақсы, – дейді БЖСМ басшысы Игорь Елесин.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және кубоктармен марапатталады.