
"Шалқыма" концерт залында 22 наурыз күні сағат 16:00-де Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар Академиялық оркестрінің "Наурыз – Думан" мерекелік концерті өтеді. Кіру тегін.
Оркестрмен бірге ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башай және ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов өнер көрсетеді.

Концертте қазақ композиторларының күйлері мен шығармалары, сондай-ақ "Сылқылдақ", "Сарыжайлау", "Көк серке", "Қара жорға", "Терісқақпай" және басқа да халық әндері шырқалады.
Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев.
Бас дирижер – "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей.
Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.