
Балқаш қаласының "Ертөстік" және "Жұлдыз" бөбекжайларының тәрбиеленушілері Наурызды мерекелеуге арналған "Шымырлық пен шеберлік күні" мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңінде бірінші орынға ие болды.

Байқауды "Сарыарқа дарыны" балаларға арналған қосымша білім берудің өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды. Сайыс екі бөлімнен тұрды. Біріншісінде қатысушылар ұлттық ойындарда, соның ішінде ханталапай ойынында шеберлік танытты.

"Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер" бөлімінде қатысушылар отбасылық құндылықтар, ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер туралы видео түсірді. Қарағанды облысының 26 мектепке дейінгі мекемесінен барлығы 66 тәрбиеленуші бақ сынасты.

Ханталапай ұлттық ойынында Балқаштық "Ертөстік" бөбекжай тәрбиеленушілері Рамазан Аманғазин, Айтөре Қаранай, Мұхамад Сүлеймен, Әльфарби Таирбергенов, Аңсар Әлімбет, Әділхан Кәрімжанов, Нұрәлі Нұртаев үздік атанды.

Балалар дене шынықтыру нұсқаушысы Нұрғазы Ғаниолламен бірге ойынның осы жасқа бейімделген нұсқасын көрсетті.

– Ұлттық ойындар, соның ішінде ханталапай – тәрбиеленушілеріміздің бос уақытының ажырамас бөлігі. Біз бұл ойынды балалардың жас ерекшеліктеріне қарай бейімдедік, сондықтан оны оңай әрі қызықты ойнауға болады, – дейді "Ерөстік" бөбекжайының тәрбиешісі Қызғалдақ Шаймерденова. – Байқауға біз әр түрлі топтардан балаларды таңдадық. Олардың барлығы бұл ойынды жақсы көреді және асық ойнайды. Облыстық турдағы жеңістің арқасында біз республикалық кезеңге жолдама алдық. Оның қандай форматта болатынын әлі білмейміз, бірақ біздің балаларымыз дайын.

"Жұлдыз" бөбекжайының тәрбиеленушісі Заңғар Жалғасбай байқауға әкесімен бірге қатысты. Ол өзінің асық топтамасын көрсетіп, оларға неге қорғасын құятының айтты.
– Заңғар небәрі төрт жаста. Бірақ жасына қарамастан, ол асық туралы көп біледі, оларды жинайды. Оның үйінде бір қоржын асық бар. Оларға деген сүйіспеншілікті әкесі де, біз де бойына сіңіре білдік, – дейді "Жұлдыз" бөбекжайының тәрбиешісі Науат Жакышева. – Біздің мектепке дейінгі мекемеде асықты тек ойындарда ғана емес, сонымен қатар нүктелі массаж кезінде, санау үшін, сабақтарда, дойбы ретінде қолданылады.

Байқауда екінші орынға Ақтоғай ауданының "Айгөлек", Абай ауданының "Балбөбек" және Шахтинск қаласының "Еркетай" балабақшаларының тәрбиеленушілері ие болды.

Абай ауданының "Балауса", Нұра ауданының "Алтын дән" және Приозерск қаласының "Балақай" бөбекжайлары үздік үштікті қорытындылады.
Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.