Қарқаралы ауданында шығармашылық жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

Қарқаралы ауданында шығармашылық жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

Қарқаралы ауданында "Менің өлкем" тақырыбындағы шығармашылық жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды. Бірінші орынды Бесоба, Қызылту және Көктас ауылдарының оқушылары иеленді.

Шығармашылық жобалар байқауын аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті ұйымдастырды. Ол келесі жылы атап өтілетін Қарқаралы қаласының 200 жылдығына арналған.

– Байқау Қарқаралы қаласы Әлімхан Ермеков атындағы № 2 мектеп базасында өтті. Оған ауылдық елді мекендер мен қалалық мектептерден 5–7 сыныптардың 69 оқушысы қатысты. "Менің өлкем" байқауы туған өлкенің тарихына, географиясына, био алуандылығына қызығушылық танытатын шығармашылық, дарынды балаларды анықтауға, сондай-ақ олардың ой-өрісін кеңейтуге, патриотизмге және белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеуге бағытталған, – деп атап өтті Қарқаралы ауданының білім бөлімінің әдіскері Маржан Мұқашова.

Қатысушылар үш номинация бойынша бақ сынасты – "Менің өлкемнің тарихы", "Менің өлкемнің символы" және "Менің туған жерімнің болашағы".

 

Бесоба ауылының № 8 тірек мектебінің 7-сынып оқушысы Меруерт Рахымбай байқауға "Үш қазан" табиғат ескерткішінің табиғи-рекриациялық мүмкіншіліктері" жобасын ұсынды. Ол Жамантас тауында орналасқан үш қазанға ұқсас керемет табиғи ескерткіш туралы айтып берді.

– Бұл қазанға ұқсайтын таудағы үш ойық тас. Орналасу тарихының өзі ерекше, яғни диаметрі 2–4 метр, тереңдігі 1–2 метр болып келген дөңгелек жартастардан сатыланып түсетін үш ойық тастардың қазанға ұқсағандықтан осы жер «Үш қазан» аталып кеткен. Олардың диаметрі 2–4 метр, тереңдігі 1–2 метрге жетеді, – дейді Меруерт Рахымбай. – Олар үнемі таудың басынан ағып тұрған бұлақтан су алады. Ондағы су өте таза. Көбінесе жергілікті тұрғындар Жамантастың етегінде пикник өткізіп, осы жерден су ішеді. Болашақта мен осы табиғи ескерткіштің жанында этностильдегі шағын демалыс аймағын жабдықтағым келеді. Қонақтар фермерлердің экологиялық таза өнімінен дәм татып, атпен серуендей алады. Сондай-ақ, салықтар есебінен біздің ауылдың дамуына ықпал ететін еді. Мұның бәрін мен өз жобамда көрсетіп, бірінші орынға ие болдым. Меценаттар біздің бірегей тауымызға назар аударып, экотуризмді дамытуға көмектескенін қалаймын.

Қызылту ауылының № 13 негізгі орта мектебінің 5-сынып оқушысы Айбар Бақытжанұлы байқауға жүз жылдан астам уақыт бойы тұрғындарды таза ауыз сумен қуантып келе жатқан Төсбұлақ құдығы туралы жобаны ұсынды.

– Айбар өз жобасында ауылымыздың солтүстік бөлігіндегі төбеде орналасқан Төсбұлақ бірегей құдығы туралы айтып берді. 1920 жылы біздің елді мекенді құру туралы шешім қабылданған кезде жергілікті тұрғындар су көзін іздей бастады. Содан Жұманбай есімді ақсақал төбеде әрдайым жасыл шөппен көмкеріліп тұратын орынды байқаған. Ол осы жерді қаза бастағанда жер астынан су атқылаған. Ауыл тұрғындары оны таспен қоршап қойды, – дейді жоба жетекшісі Сәуле Шұбарова. – Құдықтың жанында ауыл етек жая бастады. Содан кейін мұнда алғашқы мектеп ашылды. Онда тек екі сынып болды. Ал 2008 жылы Жұманбай ақсақалдың қызы Орынбасар-апа құдықтың жанына ескерткіш орнатты. Құдық біздің өлкеміздің символына айналды. Бірақ ол туралы жергілікті тұрғындардан басқа көп адамдар біле қоймайды. 

Жеңімпаздар жүлделер мен алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ олар үшін ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қазылар алқасы үздік презентацияларды, бейнероликтерді, шығармашылық жұмыстарды, сондай-ақ командалардың бірлігін атап өтті.