
Қарағандыда бочча паралимпиадалық спорт түрінен облыстық турнир өтті. Оның қорытындысы бойынша төрт жас спортшы Астанада боччадан Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының атынан қатысады.

Іріктеу жарыстарына 7 жастан 16 жасқа дейінгі 10 адам қатысты.

Боччаны церебралды сал ауруының ең ауыр түрлері және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар жасай алады.

Спорт ептілікті, дәлдікті және қимылдарды үйлестіруді дамытады, тактикалық ойлауға ықпал етеді.

– Менің ұлым Александр Қарағандыда осы спорт түрі пайда болғаннан бері боччамен айналысады. Жалпы, мүмкіндігі шектеулі барлық балалар үшін спорт өте маңызды. Ұсақ моториканы, ойлауды дамытады. Менің балам алдына мақсат қоя бастады. Біз Астанаға екі рет жарысқа бардық, онда ол жеңімпаз атанды. Ол үшін бұл өте маңызды, – дейді ерекше спортшының анасы Татьяна Соковых.

Боччадан жарыстың төрт жеңімпазы Астанаға ҚР чемпионатына аттанады, үшеуі Children Paralympic Games инклюзивті спорт фестиваліне қатысады.

Боччадан басқа, жақында Қарағанды және Абай қалаларының адаптивті жүзу топтары арасында іріктеу жарыстары өтті.

Алты спортшы ерекшеленді.
18 наурызда адаптивті таэквондо бойынша жарыстар жоспарланған.

– Қарағанды облысында 2020 жылдан бері іске асырылып келе жатқан "Саламатты болашақ" әлеуметтік жобасынсыз бұл жарыстардың бәрі болмас еді. Біз жыл сайын бейімделген спорт түрлері бойынша іріктеу жарыстарын өткіземіз, – дейді жоба үйлестірушісі Гауһар Берікқызы. – Біз балалардың көздерінда шаттық пайда болғанын, спортпен шұғылдануға қаншалықты қуанышты екенін көреміз. Балалар өз денелерін сезіне бастайды, жеңіске ұмтылады. Бірінші орынға ие болғандар республикалық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады.
