Жұмыссыз қарағандылықтар үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды

Жұмыссыз қарағандылықтар үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды

Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз тұрғындарды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға шақырады. Курстар үш айдан алты айға дейін созылады.

Оқыту жұмысшы мамандықтары бойынша өтеді. Оқу кезінде стипендия төленеді. Кейіннен жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

Қажетті құжаттар:

- жеке куәлік;

- еңбек кітапшасы (бар болса);

- білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом, сертификат);

- 075-У формалы медициналық анықтама;

- неке қию туралы куәлік (тегі өзгерген жағдайда);

- банктік шот.

Орталықтың мекенжайы: Бұқар жырау даңғылы, 51/4, 1-қабат.

Телефон: (8-7212) 996-393.