Қарағандыда Республикалық ақындар айтысы өтеді

Қарағандыда Республикалық ақындар айтысы өтеді

Айтыс жанкүйерлерін Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған "Армысың, әз Наурыз!" атты республикалық ақындар айтысына шақырады. Ол 22 наурыз сағат 14:00-де Қарағанды кеншілер мәдениет сарайында өтеді. Кіру тегін.

Айтысқа Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының, Ұлытау облысының және Шымкент қаласының ақындары қатысады.

Айтыс екі кезеңнен тұрады – іріктеу және қорытынды.