
"Шалқыма" концерт залында 17 наурыз күні сағат 18:30-да "Туған жерге тағзым" музыкалық кеші өтеді. Қарағандылықтар мен қала қонақтары үшін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің әртістері Бейбарыс Хамзин (домбыра) және Әсел Әлімбаева (флейта) өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, концертке ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Жақсыкелді Кемалов, Батыржан Мықтыбаев, Мәдениет үздігі Жанат Шұғайып, Әсет Әбілдин, Балқан Смағұлов, Қайрат Омаров, Ольга Ашенбренер және Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар академиялық оркестрі қатысады.
Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев.
Бас дирижер – "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей.
Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.
Билеттерді "Шалқыма" к/з кассаларында және ticketon.kz сайтынан алуға болады.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.