"Террикон алқабы" IT-хабы стартаперлерге арналған тегін курс өткізеді

"Террикон алқабы" IT-хабы стартаперлерге арналған тегін курс өткізеді

Әу бастан табысты бизнес бастау және пайда табу жолын "Стартап мектебі" тегін курсынан білуге болады. Екі күндік оқыту – 18 және 19 наурызда "Террикон алқабы" ІТ-хабында басталады.

Курс спикері – акселерациялық және инкубациялық бағдарламалардың трекері, "KOMPRA" ЖШС талдаушысы Николай Тян.

Тыңдаушылар келесі машықтарды меңгереді:

- идеяны таңдағанда не іздеу керек;

- клиенттің портретін және оның мәселелерін қалай анықтауға болады;

- құндылық ұсынысын қалай тұжырымдау керек;

- нарық көлемін қалай анықтауға болады;

- клиенттерді зерттеу әдістері туралы;

- гипотезаларды қалай жылдам тексеруге болады.

Тренинг бастаушы стартаперлерге, студенттерге және жоғары сынып оқушыларына пайдалы болады. Курс офлайн және онлайн форматта өтеді.

Қатысушылар terricon.kz сайтында міндетті түрде тіркелуі тиіс.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.

"Террикон алқабы" ІТ-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.