
Қарағандылықтар мен қала қонақтарын 12 наурыз күні сағат 15:00-де "Шалқыма" концерт залында күтеді. Музыка сүйер қауым назарына жергілікті сазгерлердің шығармалары ұсынылады.
"Ән керуен" концертіне Жақсыкелді Кемалов, Ержан Базарбеков, Сержан Мұсайын, Дәуренбек Әркенов, Гүлмира Тапай, Дулат Аханов, Сырым Хордин, Медет Осатаев және басқалар қатысады. Сондай-ақ, "Мерей" және "Арай" триосы, "Арқа сазы" фольклорлық ансамблі және "Аққу" фольклорлық-хореографиялық ансамблі.
Билеттерді "Шалқыма" к/з кассаларынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.