Қарағандылық кәсіпкерлерге жұмыскерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан қалай сақтандыру керектігі жайлы түсіндіреді

Қарағандылық кәсіпкерлерге жұмыскерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан қалай сақтандыру керектігі жайлы түсіндіреді

Қарағанды облысының кәсіпкерлерін "Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру" тақырыбындағы онлайн-семинарға шақырады. Қатысу тегін.

Вебинар 9 наурызда сағат 15:00-де өтеді. Онлайн-кездесуді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Бухгалтерлер клубы өткізеді. Спикер – Ольга Струк, "Мемлекеттік аннуитеттік компания" ӨСК" АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры. Қатысушылар өз сұрақтарын қоя алады.

Тіркеуге арналған электрондық нысан "Бизнес Қарағанды" Telegram-арнасында сілтеме бойынша орналастырылған https://t.me/business_karaganda.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: (8-7212) 504-055, e-mail: legalprotection.kgf@atameken.kz.