
Қарағандылық спортшы Алан Құрманғалиев қоржынына WTT Youth Contender турнирінің тағы бір алтын медаль салды. Бұл жолы 16 жастағы теннисші 19 жасқа дейінгі жас санатында жеңіске жетті.
WTT Youth Contender үстел теннисі турнирі Португалияда өтуде. Өткен жұмада Алан Құрманғалиев 17 жастағы спортшылар арасында чемпион атанды, ал сенбіде ол 19 жастағы жасөспірімдер арасында ерекшеленді.

Теннисшіні Эльмира Әлиева мен Тоқтамыс Хасенов жаттықтырады.
Алдағы уақытта Алан 20—28 мамыр аралығында Дурбанда (Оңтүстік Африка) өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысады. Катарда өткен Азия біліктілік турнирінің қорытындысы бойынша биылғы жылдың басты старттарының финалдық бөлігіне бірнеше қазақстандық жолдама алды. Ерлер арасындағы жұптық разрядта Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев (Қарағанды), аралас разрядта Айдос Кенжеғұлов пен Зәуреш Ақашева (Қарағанды), Герасименко сонымен қатар жеке жарыстарға да қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, Катарда қазақстандықтар Қытайдан, Жапониядан, Кореядан, Ираннан, Үндістаннан, Гонконгтан, Сингапурдан әлемнің ең мықты теннисшілерімен жарысып, қызу бәсекелестікте лицензиялар жеңіп алды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша